Құрметті әріптестер!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – біздің төл мерекеміз. Ұлыстың ұлы күні – Наурыздың кемінде бес мың жылдық тарихы бар. Сондықтан бұл мереке – біздің халқымыз үшін ерекше қымбат.
Күн шыққанда қуанып оянған Қазақ елінің жұлдызы биік болсын!
Адамдарға арман мен адалдық, ал жастарға құштарлық пен сұлулық сыйлаған Наурыз мейрамы, міне, әр үйдің төріне бақыт құсы болып қонды.
Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау-жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір-біріне деген өкпе-ренжіштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.
Қазақстандағы жүздеген ұлт пен ұлыстардың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүріп жатыр. Әз Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін тереңнен тартар ежелгі қасиеті барлық қазақстандықтардың бойында дарытылғандықты өз өміріміздің салтына айналдыруға міндеттіміз.
Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

 

Қарағанды облыстық сотының
төрағасы М.Т. Әлімбеков