«Іс жүргізу процесінің жетілдірілуі» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Мемлекет басшысы жариялаған реформаларды жалпыұлттық іске, жалпыұлттық идеяға айналдыру мақсатында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотында «Іс жүргізу процесінің жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Іс шараға аудандық сот судьялары қатысты.

 

Судья А.А.Нургалеева тәуелсіздік алған жылдар ішінде ел Президенті сот жүйесінің барлық мәселелеріне айрықша маңыз берді, қазіргі заманғы демократиялық және құқықтық  мемлекет құрудың  жалпыәлемдік озық стандарттарына сәйкес соттардың шын мәніндегі тәуелсіз болуының қолдаушысы болды. Бұл барлығына – заңнамаға, судьялардың құзыретіне, сот жүйесінің құрылысына, судьялыққа үміткерлерді іріктеу жүйесіне қатысты болатын. Мемлекет басшысы дамыған және ең бастысы дербес сот жүйесі болмайынша, Қазақстанның мемлекет ретінде қазіргі заманғы әлемдегі экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы елдердің қатарына кіре алмайтындығын анық түсінді. Президент республика судьяларының тұрақты өткізілетін съездерінің шеңберінде сот корпусы мен ашық әрі әділ диалог орнатып келеді. Бұл жиналыстарға еліміздің барлық өңірлерінен судьялар қатысады. Мұнда Мемлкет басшысы өзі ұсынатын жаңалықтарды талқылап, олар өз кезегінде сот билігін дамытудың жаңа басымдықтарын айқындайтын жаңа міндеттерге айналып отырғанын атап көрсетті.

Реформаны жүзеге асыру үшін нақты 100 қадам жасалынды. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде ел Президенті сот жүйесінің барлық мәселелеріне айрықша маңыз берді, қазіргі заманғы демократиялық және құқықтық  мемлекет құрудың  жалпыәлемдік озық стандарттарына сәйкес соттардың шын мәніндегі тәуелсіз болуының қолдаушысы болды. Бұл барлығына – заңнамаға, судьялардың құзыретіне, сот жүйесінің құрылысына, судьялыққа үміткерлерді іріктеу жүйесіне қатысты болатын. Мемлекет басшысы дамыған және ең бастысы дербес сот жүйесі болмайынша, Қазақстанның мемлекет ретінде қазіргі заманғы әлемдегі экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы елдердің қатарына кіре алмайтындығын анық түсінді. Президент республика судьяларының тұрақты өткізілетін съездерінің шеңберінде сот корпусы мен ашық әрі әділ диалог орнатып келеді. Бұл жиналыстарға еліміздің барлық өңірлерінен судьялар қатысады. Мұнда Мемлкет басшысы өзі ұсынатын жаңалықтарды талқылап, олар өз кезегінде сот билігін дамытудың жаңа басымдықтарын айқындайтын жаңа міндеттерге айналып отырды.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар ақпараттық технологияны енгізу бұл – әуре-сарсаңды азайту, азаматтардың сот төрелігіне ашық, қолжетімділігін жүзеге асыру шаралары болып табылатынын көрсетті. 

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы

№2 аудандық сотының баспасөз-қызметі