Ақтоғай аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды дұрыс толтыру» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шараға Ақтоғай полиция бөлімінің ЖПҚ учаскелік инспекторлары қатысты.

Семинар өткізудің мақсаты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға уәкілетті лауазымды тұлғалар жол берген процессуалдық бұзушылықтарды талқылау.

Сот төрағасы Мейрхан Қасымбеков өз сөзінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 803 бабының әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға қойылатын талаптарға тоқталды. Ол аталған құжатты жасау кезінде жіберілген қателіктерге назар аударды және жиналғандарға хаттаманы жасау мерзімдері мен істі сотқа жіберу мерзімдері туралы еске салды.

Сонымен қатар, құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын өзекті мәселелер, құқық бұзушылықтарды саралау, дәлелдемелерді жинау және бекіту кезіндегі проблемалық мәселелер, медициналық куәландыру мәселелері талқыланды.

 

Источник: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі