Азаптау үшін полиция қызметкерлері сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұра аудандық сотымен қылмыс жасағанын мойындату мақсатында қасақана физикалық және психикалық азап келтірген үш учаскелік полиция инспекторларына қатысты қылмыстық ісі қаралды (16.07.1997 жылғы басылымындағы ҚР ҚК 141-1 б 2 б. «А» т.).

Қылмыстық іс материалдарынан келесі мән-жайлар анықталған. 2014 жылдың тамыз айының 24 күні Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылында бейтаныс тұлғамен аз. В.В. Кузмичтың мүлкі ашық жымқырылғаны анықталды. Ол туралы аз. Кузмич В.В. учаскелік полиция инспекторларына аз. Т., аз. Б. және аз. Б. хабарлады. Сонымен қатар, ол осы ауылдың тұрғыны Н.В. Синявинді күдікті тұлға ретінде көрсетті.

Осы аталған қылмысты қайтсе де ашу және ол арқылы өздерінің ведомстволық көрсеткіштерін жасанды жақсарту мақсатымен  учаскелік полиция инспекторлары аз. Т., аз. Б. және аз. Б. алдын-ала өзара келісіп, В.В. Кузмичті ашық тонағанын Н.В. Синявинге мәжбүрлеп мойындатуын шешті. Осылайша, өздерінің қылмыстық әрекеттерімен Нұра ауданынының ІІБ қызметкерлері - учаскелік полиция инспекторлары аз. Т., аз. Б. және аз. Б. қылмыс жасағанын мойындау туралы жауап алу мақсатымен аз. Н.В. Синявинге қасақана физикалық және психикалық азап келтірген.  

         Осы факті бойынша 29.08.2014 жылы прокуратурамен ҚР ҚК-нің 141-1 б. 2 б. «А» т. (16.07.1997 жылғы редакциясында) қылмыстық іс қозғалған.

         Бұл қылмыстық іс қоғамдық серпіліс туғызған.

         2015 жылдың шілде айының 22 жұлдызындағы үкіммен жоғарыда аталған полиция қызметкерлері аз. Т., аз. Б. және аз. Б. (16.07.1997 жылғы басылымындағы) ҚР ҚК-нің 141-1 б 2 б. «А» т. көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып осы бап бойынша 3 (үш) жыл мерзімде Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі жүйесінде лауазымдарды атқару құықынан айырумен қоса жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеумен 3 (үш) жыл бас бостандықтарынан айырылды.

Сот үкімі заң күшіне енген жоқ.

Источник: 
Нұра аудандық сотының баспасөз қызметі