Қарағанды облысы соттарында заңнамаларға енгізілген өзгерістер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жезқазған қ. полиция басқармасының ғимаратында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға Жезқазған қалалық сотының судьясы Марат Бекжанов, Жезқазған қаласы прокурорының орынбасары Саржан Сабыр, Жезқазған қаласы полиция басқармасы басшысының орынбасары Құрманғазы Баялинов, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова, полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.

Судья М. Бекжанов және прокурордың орынбасары С.Сабыр Қазақстан Республикасының Заңдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексіне және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп берді.

Семинар барысында проблемалық мәселелер талқыланып, пікірлер айтылды.

Ақтоғай аудандық сотында 30.12.2019 жылғы № 300-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Ақтоғай ауданының қызметкерлері мен прокурорлары қатысты.

Сот төрағасының м.а С. Рысжанов Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар арасында Заңды іс жүзінде жүзеге асыру жөнінде сындарлы пікір алмасып, Заңның жекелеген нормаларының әрекет ету мерзімдері, құқық қолдану тәжірибесінде туындауы мүмкін проблемалық мәселелер талқыланды.

Шет аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау бойынша кеңес өтті.

Іс-шараға сот судьялары мен мамандары, Шет ауданы прокурорының орынбасары Абай Алтынбеков, Шет ауданы ПБ басшысының орынбасары Еркебұлан Зәкірбеков қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, қорытынды жасады.

 

Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқытарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер Қарқаралы аудандық сотында өткен дөнгелек үстелдің тақырыбы болды.

Іс-шараға сот төрағасы Қанат Шайкамалов, аудан прокурорының көмекшісі Нұржан Шынкеев, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Ержан Әділов, заң кеңесінің адвокаты Мақпал Енсебаева, аудан әкімі аппаратының заңгері Мақсат Төлеубаев, «Қарқаралы» газетінің тілшісі Бану Мұқашева қатысты.

Баяндамашы Қ.Шайкамалов қабылданған заң зорлау, браконьерлік, мал ұрлығы, есірткі тарату, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлардың өміріне қол сұғушылықтар, мас күйінде көлік құралдарын жүргізу, балаларға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталғанын айтты. Сонымен қатар, Заңда жетім балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдарға жәрдем көрсету жөнінде, т.б. нормалар қарастырылғанына назар аударды.

Дөнгелек үстел барысында сөз сөйлеген қатысушылар заңнамамен қабылданған нормаларды аудан халқына түсіндіру мақсатында құқық қорғау органдары, сот, БАҚ бірігіп, кездесулер өткізу жөнінде ортақ пікірге келді.

Абай аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Респубикасының Заңын зерттеу өтті.

Аталған Заң мемлекет Басшысының зорлау, браконьерлік, мал ұрлығы, есірткі тарату, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлардың өміріне қол сұғушылықтар, мас күйінде көлік құралдарын жүргізу сондай-ақ басқа да қауіпті заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Заңда жетім балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдарға көмек беру жөніндегі ұйымдардың жұмыс жасауы үшін құқықтық жағдай жасау, шетелдіктердің міндетті тіркелуінің күшін жою және заңдарды қолдану тәжірибесін бақылау нәтижелері бойынша қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру нормалары қарастырылған.

Соңында шараға қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасты.

 

Қайнар: 
Жезқазған қалалық сотының, Ақтоғай, Шет, Абай, Қарқаралы аудандық соттарының баспасөз қызметтері