Қарағанды облысы соттарында жаңа тағайындаулар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұра аудандық сотының төрағасы Серік Жұмабеков сот ұжымына және аудандық прокуратура, ІІБ басшылық құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен тағайындалған жаңа судья Жақсыбек Ғабдоллаұлы Ысқақовты таныстырды.

Бұрын Жақсыбек Ысқақов алты жыл бойы Сәтбаев қалалық сотының судьясы болып қызмет атқарған.

Сот төрағасы Жақсыбек Ысқақовқа жемісті еңбек және сәттілік тіледі.

 

 

Қарағанды қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Алексей Ан ұжымға жаңа судьяларды таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары лауазымына Нұрлан Баянбеков, Айгүл Бұлғақбаева, Венера Махабаева, Нәсіпкүл Құтышева тағайындалды.

А. Ан жаңа судьяларды құттықтап, Мемлекет басшысының сенімін ақтауға, жұмыста әрдайым әділдік пен бейтарап қағидаларын ұстануға шақырып, кәсіби қызметтеріне табыс тіледі.

 

Қайнар: 
Нұра аудандық сотының және МАӘС баспасөз қызметі