бітімгершілік келісім

Сотпен бітімгершілік келісім бекітілді

16/02/2017
Қарағанды облысының Ұлытау аудандық сотымен «Арнайы қаржы компаниясы «Finance» ЖШС-нің жауапкер А.-ға қойған банк шарты бойынша несиені өндіру туралы азаматтық ісі бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.
Дайындық барысында, тараптар дауды реттеу туралы бітімгершілік келісімге келіп, оны бекітуді соттан сұрады.

Сотпен бітімгершілік келісім бекітілді

08/02/2017
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арасында дау бойынша бітімгершілік келісімі бекітілді.

Татуласуға байланысты іс қысқартылды

02/02/2017
Ақтоғай аудандық соты ҚР ӘҚБтК 73 бабы 1 бөлігі бойынша (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік жауапкершілікке тартылған азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сотпен бітімгершілік келісім бекітілді

20/12/2016
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен "Казкоммерц-Life" өмірді сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамының қайта сақтандыру төлемін және айыппұлды өндіру туралы талап арызы бойынша бітімгершілік келісімі бекітілді.

Қылмыстық іс қысқартылған түрде қарастырылды

08/12/2016
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотында азамат С.-қа қатысты Қазақстан Республикасы ҚК–нің 188 бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қарастырылды.
С. спирттік ішімдік ішкен соң азамат М.-ның үйінен ұялы телефонды жасырын ұрлап кетті, соңғыға 4 500 теңге көлемінде шығын келтірді. Ұрланған затпен өз бетінше иелік етті.

Тараптар арасындағы дау татуласумен аяқталды

02/12/2016
Жезқазған қалалық сотында талапкер Ч.-ның жауапкер Ш.-ға екеуінің ортақ мүлікті бөлісу туралы азаматтық ісі қаралды.
Сот мәжілісінде тараптар ұсынған бітімгершілік келісім бекітіліп, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 277 бабының 5 тармағына сәйкес іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Беттер