моральдық залал

Моральдық залалды өндіру туралы

20/02/2017
Жезқазған қалалық сотында талапкер К. жауапкер А.-дан моральдық залалды өндіру туралы талап арызы қаралды.
Сот отырысында жауапкер бостандықтан айыру мекемесінде отырғанына байланысты келген жоқ. Сот тапсырмасымен жауапкердің жаза өтеп отырған мекемесіне талап арыз жолданған, жауапкерден талап арызды ішінара мойындайтыны туралы пікір түсті.