Осакаров аудандық соты

Сот маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберді

13/10/2016
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Мирное ауылы тұрғынына қатысты «Осакаров ауданы бойынша Орталық аудандық ауруханасы» КМК бастығы орынбасарының маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберу туралы арызын қарады.

Жалпы қоғамдық орынды ластағаны үшін жазаға тартылады

05/10/2016
Азамат Д. Осакаров кенті, Пристанционная көшесінде, қоғамдық жерде болып, шемішкенің қабығын жерге лақтырған, сонымен заңда белгіленген қоғамдық тәртіпті бұзып, ортақ қолдану жерлерін ластаған.
Азамат Д.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлімінде көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

"Дөңгелек үстелдің" кезекті мәжілісі өтті

21/09/2016
Осакаров ауданының ІІБ-да жергілікті полиция және аудандық сот қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.
«Дөңгелек үстелде» Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін қолданумен байланысты және тергеу судьясының жұмысы туралы сұрақтар талқыланды.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

15/09/2016
Азамат У. өз үйінде, мас күйінде болып шешесіне жанжал шығарып, балағат сөздер айтқан.
Жаза мен шара түрін анықтау кезінде сот кінәлінің тұлғасын, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығын, тұрғылықты жері бойынша жағымсыз мінездемесіне ескерді.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

07/09/2016
Жүргізуші С. «Камаз» маркалы автокөлікті Осакаров кенті Достық көшесінде мас күйінде басқарған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес азамат С. жеңіл дәрежедегі мас күйінде болған.

Мәжбүрлі түрде маскүнемділіктен емделуге жолданды

26/08/2016
«Осакаров ауданының орталық аудандық емханасы» КММ-сі Осакаров аудандық сотына азамат А.-ны мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен емдеуге емдеу-профилактикалық арнайы мекемеге жолдау туралы ұсынымхатпен жүгінді.

Ұрлық жасағаны үшін сотталды

25/08/2016
Қарағанды облысы Осакаров аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 1 бөлігі (Ұрлық) бойынша азамат П.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Азамат П., азамат А.-ға тиесілі үйдің алаңында орналасқан ангар ғимаратындағы, құрылысы материалдары, жиһаз барын анық біле, иемдену мақсатында, аталған мүлікті ұрлауды шешкен.

Беттер