Архив событий

01/03/2024

Сот әкімшілігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы таныстырылды

01/03/2024
Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шәкиев Қарағанды ​​облыстық сотының судьялары мен қызметкерлеріне Сот әкімшілігінің облыс бойынша департаментінің жаңа басшысы Мирлан Қызыловты таныстырды.
Іс-шараға Қарағанды ​​облыстық сотының төрағасы Ерден Әріпов қатысты.
Ж.Шәкиев М.Қызыловтың ішкі істер органдарындағы бай кәсіби тәжірибесін, білімі мен ұйымдастырушылық қабілетін атап өтті.

Қарағанды облыстық сот төрағасының Алғыс айту күнімен құттықтауы

01/03/2024
Құрметті әріптестер!
Алғыс – адамның басқа адамдарға жасаған жақсылығы, мейірімділігі, көрсеткен көмегі мен құрметі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның қоғамға сіңірген пайдалы еңбегі мен нәтижелі қызметіне жоғары баға беруі.
Ендеше, 1 наурыз – Алғыс айту күні, саналы ғұмырларыңызды қара қылды қақ жарып, әділдіктің ақ туын биік ұстауға арнап, заң үстемдігі мен сот әділдігін қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбектеріңіз бен еліміздің сот жүйесінің дамуына қосып жатқан сүбелі үлестеріңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін.