Архив событий

07/03/2024

ҚР Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

07/03/2024

Құрметті ханымдар, әріптестер! Сіздерді көктемнің керемет мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек.

Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге — аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.

Қарағанды облыстық соты төрағасының 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне құттықтауы

07/03/2024

Құрметті әйелдер!

Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Бүгін біздің қымбатты да сүйікті әжелерімізге, аналарымызға, асыл жарларымызға, қыздарымыз бен әпкелерімізге деген сүйіспеншілік, ризашылық пен құрмет сезімдерін білдіретін тамаша күн.

Біз Сіздердің даналықтарыңыз бен төзімділіктеріңізге және сезімталдықтарыңызға таңданамыз, іскерлік қабілеттеріңіз бен жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз.