Бір минуттық үнсіздікпен

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Абай аудандық сотының қызметкерлері бүгінгі жұмыс күнін Астанада өрттен көз жұмған бес қыз балаға қатысты бір минут үнсіздікпен бастады.

Судья Блялова Ольга қайтыс болған балалардың отбасына көңіл айтып, өмірлік күш қуат тіледі, себебі, бұндай үлкен қайғыға кез-келген адам төзе бермейтінін айтты. «Балалар – бұл біздің барымыз, солар үшін таршылық көрмесінші деп, талмай еңбек етуге тырысамыз. Балаларыңызды қорғап, оларға қамқор бола біліңіздер!».

Бас маман-сот отырысының хатшысы Рымгүл Аяпбергенова ақын Кеңшілік Тышқанның өлең жолдарын оқыды.

Абай аудандық сотының ұжымы болған орны толмас оқиғаға шын жүректен қайғырып, ешкімнің басына мұңдай қайғынын бермегенін тілейді.

Источник: 
Абай аудандық сотының баспасөз-қызметі