Қарағанды облысының соттарында Этикалық кодекс нормаларын талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ақнұр Домбаева мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары мен тәртібін сақтау мәселелері бойынша сот мамандарына арналған семинар сабағын өткізді.

А. Домбаева Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлқының алдын алуға бағытталғанын атап өтті.  Ол қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажеттігін атап өтті.

Кеңсе меңгерушісі іс-шараға қатысушыларға этика, әділеттілік, сыпайылық және азаматтар мен әріптестер арасындағы қарым-қатынастың дұрыс болуы мемлекеттік қызметшілердің басты міндеттерінің бірі екенін ескертті.

Қарағанды облысы Абай аудандық сотының кеңсе меңгерушісінің м.а. Руслан Тасырбаев сот мамандарымен «Мемлекеттік қызметшінің этика және мінез-құлық нормалары» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Р. Тасырбаев мемлекеттік қызметшінің этика нормаларын сақтау қоғамның мемлекетке деген сенімінің негізі болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілер осы нормаларға сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті. Ол мемлекеттік қызметшілердің жұмыс және жұмыстан тыс уақытта мінез-құлқының негізгі ережелерінің нормаларын баяндап, өзін-өзі дамыту мәселелерін қозғады. Сондай-ақ, сот мамандарының назарын мемлекеттік қызметтің әлеуметтік желілерде беделін түсіретін және нұқсан келтіретін ақпаратты орналастыруға жол бермеуге аударды.

Источник: 
Ұлытау аудандық сотының, Абай аудандық сотының баспасөз қызметі