Бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Қарағанды облыстық соты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының О.-ға қатысты үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Бірінші сатыдағы сот О.-ға екі адамның абайсызда өліміне, 5 адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге, 12 адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге, 8 адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін (ҚК 345 бабының 4 бөлігі) 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сотталған адам бірінші сатыдағы соттың үкімімен келіспей, оны өзгертуді, тағайындалған жазаны тым қатал деп санап, мерзімін қысқартуды сұрады.
1.Сот істің нақты мән-жайларын дұрыс анықтады:
2022 жылғы 25 қарашада сағат 09-18 шамасында О. №146 маршруттағы автобусты басқара отырып, Қарағанды қаласының С.Сейфуллин даңғылы бойынша ҚБК ауданындағы көпірден түсу кезінде жол ережесін бұзып, жол ережесін тиісті түрде бағаламай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, жылдамдықты төмендету шараларын қолданбай, өзінің қозғалыс жолағы бойынша қарсы бағытта жүріп келе жатқан №41 маршрутты жүргізуші В.-ның басқаруындағы автобуспен соқтығысқан.
Алынған дене жарақаттарының нәтижесінде жүргізуші В. және жолаушы Қ. қайтыс болды, қалған жолаушыларға әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілді.
2.Сотталған адамның кінәсі сот зерттеген дәлелдемелердің жиынтығымен, атап айтқанда жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға орнын қарау хаттамасымен, оқиға орнынан түсірілген схемамен және бейнежазбамен, сараптамалардың қорытындыларымен расталады.
3. Сот алқасы жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның жеке басын ескере отырып, көрсетілген баптың санкциясы шегінде жасалған іс-әрекетке пропорционалды түрде тағайындалған жазамен ҚК-нің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотталушының іс-әрекетінің кінәсінің дәлелденгені және дұрыс сараланғандығы туралы сот қорытындыларымен келісті.
 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі