Архив событий

16/04/2024

Студенттермен кездесу өткізілді

16/04/2024

Қарағанды облысы бойынша Сот әкімшілігі Департаментінде Қарағанды қаласының заң колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты-білікті мамандарды сот жүйесіне қызметке тарту, сондай-ақ студенттердің болашақ жұмысына кәсіби бағдар беру.

Іс-шараны аша отырып, Қарағанды облысы бойынша Сот әкімшілігі Департаментінің басшысы Мирлан Қызылов департамент жұмысының негізгі бағыттары, облыс соттарының құрылымы, сот ісін жүргізудегі жаңа технологиялар және мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар туралы мәлімет берді.

Сотпен ағаштың тұраққа қойылған көліктерге құлауы салдарынан келтірілген зиян өндірілді

16/04/2024

2023 жылғы 13 маусымда Қарағанды ​​қаласы Мұқанов көшесі, 14/2 үй мекен-жайында орналасқан тұрғын үйдің ауласына ағаштың құлауы салдарынан талапкерлер К. және К.-ның автокөліктері зақымданған.

Бағалау есебіне сәйкес автокөліктерді қалпына келтіру шығыны 634 779 теңге және 445 292 теңгені құрайды.

Талап қоюшылардың көлігіне ағаштың құлау фактісі Оңтүстік-Шығыс ОПҚ қалалық инспекциясында тіркеліп, фотографиялық кестелермен расталды.