Студенттермен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы бойынша Сот әкімшілігі Департаментінде Қарағанды қаласының заң колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты-білікті мамандарды сот жүйесіне қызметке тарту, сондай-ақ студенттердің болашақ жұмысына кәсіби бағдар беру.

Іс-шараны аша отырып, Қарағанды облысы бойынша Сот әкімшілігі Департаментінің басшысы Мирлан Қызылов департамент жұмысының негізгі бағыттары, облыс соттарының құрылымы, сот ісін жүргізудегі жаңа технологиялар және мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар туралы мәлімет берді.

Ол, Департаментте заң мамандықтарының түлектеріне есік әрқашан ашық екенін атап өтіп, сондай-ақ білім беру гранттары бойынша оқыған және жоғары оқу орнын үздік бітірген түлектерді жұмысқа қабылдау конкурстық іріктеусіз жүзеге асырылатынын хабарлады.

Студенттерге өз жолдарын сот отырыстарының хатшылары болып бастаған, кейіннен судьялық лауазымға көтерілген  судьялардың өмір жолы туралы бейнеролик көрсетілді.

Студенттер үшін облыстық соттың сот залдары мен мұражайында экскурсия өткізілді, онда судьялардың өмірі мен қызметі туралы – мұрағаттық құжаттар, сот актілерінің үлгілері, наградалар, әртүрлі жылдардағы судьялық мантия үлгілері және тағы басқалар туралы көптеген материалдар жинақталған.

Болашақ заңгерлер Департамент басшылығына қызықты экскурсия үшін алғыстарын білдіріп, қызықтырған сұрақтарын қойды. Диалог барысында оқу орнын бітіргеннен кейін заң мамандықтарының студенттерін жұмысқа орналастыру және практиканы ұйымдастыру мәселелері талқыланды.