Сотпен ағаштың тұраққа қойылған көліктерге құлауы салдарынан келтірілген зиян өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2023 жылғы 13 маусымда Қарағанды ​​қаласы Мұқанов көшесі, 14/2 үй мекен-жайында орналасқан тұрғын үйдің ауласына ағаштың құлауы салдарынан талапкерлер К. және К.-ның автокөліктері зақымданған.

Бағалау есебіне сәйкес автокөліктерді қалпына келтіру шығыны 634 779 теңге және 445 292 теңгені құрайды.

Талап қоюшылардың көлігіне ағаштың құлау фактісі Оңтүстік-Шығыс ОПҚ қалалық инспекциясында тіркеліп, фотографиялық кестелермен расталды.

Қаланың ТЖД қызметкерінің хабарламасы бойынша Мұқанов көшесі, 14/2 үй мекен-жайында ағаш құлап, 2 автокөлікті басып қалған шақыртуға СП-4 келіп, ағашты шынжырлы арамен кесіп, екі автокөлік құлаған ағаштан босатылды.

Құлаған ағаш мемлекет меншігіндегі жер телімінде өскен және бұл жер телімі аумақтық жағынан Қарағанды ​​қаласы Қазыбек би ауданына қарайды.

Сот құлаған ағаштың өлгені және санитарлық кесуге жататындығы туралы қорытынды жасады.

«Қарағанды ​​қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі Қарағанды ​​қаласы Қазыбек би ауданы аумағын абаттандыру және санитарлық күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды тиісінше ұйымдастыруды, сондай-ақ Ережеге сәйкес кәсіпкерлік субъектілермен жетілдіру саласындағы нормалармен және талаптармен қамтамасыз етпеген.

Сот арызданушылардың әрекеттерінен кінәлі немесе өрескел немқұрайлылықты қарастырмады, өйткені автокөліктер үйдің ауласында тұрған, ал талап қоюшылар тұрақ ережелерін бұзбаған, қолданыстағы заңнамада көлікті оқиға орнында қалдыруға тікелей тыйым салынбаған.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі

 

 

 

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі