Қарағанды облысының соттары ҚР қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңды талқылауды жалғастыруда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осылайша, Шахтинск қалалық сотында дөңгелек үстел өтті, оған Шахтинск қаласындағы прокуратураның өкілдері Ғалымжан Муканов, Ақжол Ахметов, Асқар Меллятов, ІІМ – Руслан Тұрлыбеков, Радик Хасенов, Ануар Сарсенбек, Евгени Абишев, Таңірберген Такиров, Виктор Червяков, Бахтияр Мейрамов, Меруерт Байсарина, Ратбек Кенжебеков; Теміржан Болатов, Дастан Каржасов, сондай-ақ Шахтинск қаласындағы басқа да офицерлер мен тергеушілер қатысты.

Алғы сөзімен Шахтинск қалалық соттың төрағасы Дулат Даутов сөз сөйледі әрі қарай сөз баяндаушы-судья Алия Садыковаға берілді, ол қатысушылардың назарына қылмыстық іс бойынша барлық өзгертулер мен толықтырулар туралы айтып, әрбір мақаланы жеке-жеке қарастырды. Нәтижесінде қатысушылар заңнамаға енгізілген өзгерістерін талқылады және өзгерістер бойынша сындарлы пікірлермен алмасты.

 

 

Сәтбаев қалалық сотында Заңды талқылауға «Сәт Тазалық» ЖШС, «Казахтелеком» АҚ, «Изумруд» ЖШС, «СЖСҚ» ЖШС өкілдері және Сәтбаев қаласының нотариустары Г.Б.Жолдасбекова., А.Т.Кажмаганбетова, А.Ж.Сагинтаева, Д.Оспанова, М.А.Абикенованың қатысуымен өтті.

Соттың төрағасы Ерлан Сексенов енгізіліп отырған жаңалықтардың халық үшін артықшылықтарының бар екенін айтара отырып, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі мүмкіндіктерінің арттатынын, олардың  тек соттарға ғана емес, сонымен бірге даусыз талаптар бойынша атқарушылық жазбалар жасау үшін нотариустерге де жүгіне алатынын түсіндіре кетті. Сондай-ақ, халықты электр қуатымен, жылумен, газбен, байланыспен, сумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар өкілдерінің назарын  тұтынылған қызметтер үшін берешектерді нотариустардың атқарушылық жазбалары негізінде өндіріп алу мүмкіндігіне аударды.

 

 

Абай ауданының №2 аудандық сотында Абай ауданы прокуратурасының қызметкерлері, нотариустар, адвокаттар, мемлекеттік қызмет өкілдері қатысты.

Сот төрағасы Ерлан Оспанов, қабылданған жаңа заң негізінде енгізілген кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіріп өтті.

Дөңгелек үстел қатысушылары заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар атқару құжаттарын жедел орындау және сапасын арттыруға, атқару өндірісі тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталғанын белгіледі.

 

 

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында дөңгелек үстел өтті, оған Қарағанды облысының Прокуратурасының өкілі Б.Т.Хасенова, Қарағанды облысының Әділет департаментінен А.Ж.Абилова, Жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасынан Д.Ш.Қуанышев, жеке сот орындаушылар С.К.Мақажанов, К.Ж.Шалабаев, заңды тұлғалардың өкілдері: «Қорғау» кеншілер кәсіподағы ҚБ–нен А.Р.Лукин, Б.С.Сагадиев, «ГорКомТранс» ЖШС А.А.Майлаяқова, «Қарағанды Су» ЖШС Б.К.Абланов, Ж.Б.Музафарова, «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС–нен Г.Б.Алпысбаева мен К.Б.Дюсенбаев, «Оқжетпес Т» ЖШС М.А.Бельгина, Е.В.Приходько және «Расчетный сервисный центр» ЖШС Б.А.Абеуов қатысты.

Соттың төрағасы осы іс-шара меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыруға бағытталған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталғандығын атап өтті.

Сот жүктемесін оңтайландыру мақсатында даусыз сипаттағы өтініштер бойынша атқару жазбасын жасау үшін нотариустарға беру, тараптардың келісіміне негізделген бұйрықтық талаптарға оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуден беру туралы өзгерістер енгізілді, сот орындаушыларының қаулыларын сот санкциялауы қысқартылады, прокуратураға банк құпиясы, ақша, банктердегі мүлік туралы мәліметтерді талап ету жөніндегі сот орындаушыларының әрекеттеріне санкция беру беріледі. Сот азаматтардың конституциялық құқықтарына – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуды шектеуге, сондай-ақ сот орындаушысына келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелуге қатысты қаулыларға санкция береді.

 

 

Шет аудандық сотында өткізілген іс-шараға судьялар, сот қызметкерлері, полиция өкілдері, прокуратура және пробация қызметі қатысты.

Сот төрағасы А.Абдыкамалов өз баяндамасында, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселелеріне назар аударып, енгізіліп отырған жаңалықтардың халық үшін артықшылықтарының бар екенін айтып, олар тек соттарға ғана емес, даусыз талаптар бойынша атқарушылық жазбалар жасау үшін нотариустерге де жүгіне алатын азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі мүмкіндіктерін айтып өтті.

Судья Е.Ушбаев экономикалық және салықтық құқық бұзушылық туралы қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіруге қатысты түзетулер туралы түсіндірді.

Іс-шара барысында қылмыстық істерді қараудың сапасы, сот актілерінің жобалары мен «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану туралы мәселелер талқыланды.

 

 

Жаңаарқа аудандық сотында заңнамадағы жаңалықтарды талқылауға аудандық прокуратураның, әділет басқармасының, адвокаттардың, жеке нотариустардың, жеке және мемлекеттік сот орындаушылары қатысты.

Судья Бота Каримовна өз баяндамасында сот бұйрықтық өндірісінің бірқатары нотариусқа, ал сотпен берілетін санкциялардың бірқатары прокурорға өтетінін жеткізді.

Жаңа өзгерістер азаматтық үдерістерге, талассыз талаптарға қатысты, сондай-ақ, жазбаша дәлелдемелермен расталған сот ісін жүргізу тәртібі нотариустың құзырына енгенін айтты. Яғни, атқарушылық жазбаны жасағаны үшін нотариусқа төленуге тиісті сома борышкерден негізгі қарызымен бірге өндірілуге жатады, егер олар ескертпе түрінде болса, пошта қызметі де өндіріледі. Сонымен қатар, сот рəсіміне бағынышты сот санкцияларының санаттары қысқартылғанын, бұдан былай сот борышкерді мәжбүрлеп алып келуді және шетелге шығуға тыйым салуды санкциялайтынын айта кетті.

Жеке нотариус Салтанат Бакирова өзгерістер туралы айта келе, бұлардың сот жүйесі қызметінің барынша қолжетімді әрі тиімді болуы үшін енгізіліп отырғанын атап айтты.

Источник: 
Шахтинск қалалық сотының, Сәтбаев қалалық сотының, Абай ауданының №2 аудандық сотының, МАЭС, Шет аудандық сотының, Жаңаарқа сотының баспсөз қызметі.