Әкімшілік істер жөніндегі бірыңғай сот тәжірибесін қолдану мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотында әкімшілік істерде біркелкі сот тәжірибесін қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға сот төрағасы Амантай Әбдіқамалов, полиция бөлімінің өкілдері Ержан Орымбеков, Еркебұлан Зәкірбеков, Абзал Жәнібек және басқа да полиция қызметкерлері қатысты.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында әкімшілік өндірісті жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады, сондай-ақ әкімшілік заңнаманы қолданудың тәртібі мен негіздері зерделенді.

Іс-шара соңында әкімшілік істерді объективті және жан-жақты қарауға ықпал ететін бірлескен жұмысты одан әрі жақсарту бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.

Источник: 
Шет аудандық сотының баспасөз-қызметі