Қарағанды облысының соттарында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Орал Омаровтың қабылдауына Ғ. Мұстафин кентінің, Тұзды және Қушоқы ауылдарының тұрғындары келді.

Өтініштер азаматтық істер және жеке айыптау істері бойынша сот шешімдеріне, сот актілерін орындауға, тұрғын үй және еңбек қатынастарына қатысты болды.

Азаматтарды тыңдап, О. Омаров қалыптасқан өмірлік жағдайларды шешуге көмектесіп, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау тәсілдерін түсіндіріп, қызықтыратын сұрақтарға толық жауап берді.

Сот төрағасы татуласу рәсімдерін қолдану, соның ішінде медиация, ақпараттық технологиялар, сот шешімдерінің орындалуы туралы айтып берді.

 

Ашық есік күнін өткізу аясында Жезқазған қалалық сотының төрағасы Жанболат Шортанбаев азаматтарды қабылдады.
Заңгерлік көмек алуға келген азаматтар, өзекті мәселелеріне бет бұрды. Келушілерге заңнаманың нормаларын түсіндіретін егжей-тегжейлі жауаптар берілді.

Сонымен қатар, азаматтарға «Сот кабинеті» сервисін сот төрелігіне ыңғайлы, әрі жедел қол жеткізу үшін пайдалану қажеттігі туралы ұсыныс жасалды.

Адвокат Мәулет Биіков сот жұмысына толық қанағаттанғанын және ашық есік күнін өткізгені алғысын білдірді.

 

Источник: 
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының, Жезқазған қалалық сотының баспасөз-қызметі