Мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жезқазған қалалық сотында  талапкер «А» - ның Жезқазған қалалық сотының әкімшілігіне қойған мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талапкер 2015 жылдың 22 мамырында қайтыс болған жұбайының «БЖЗҚ» АҚ - ның шотында жиналған зейнетақысына мұраны қабылдау мерзімін науқастанғанына байланысты өткізіп алғандықтан, сонымен қатар басқа мұрагерлер жоқ екендігін көрсеткен.
Сот тараптардың түсініктемесін тыңдап, жазбаша іс құжаттарын зерттеп, талап арызды қанағаттандырды.
Шешім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Жезқазған қалалық сотының баспасөз қызметі