Назар аударыңыздар, байқау!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Құрметті Қарағанды облысының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
 
Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы, Қазақстанның журналистер Одағы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры сот қызметін үздік көрсеткен журналистік жұмыстарға конкурс жариялайды.
 Конкурсқа қоғамда заңдылықты және тәртіпті нығайтудағы сот қызметі және оның рөлі, сот процесстерінің тәрбиелік және алдын-алу-профилактикалық рөлі, моральдық-адамгершілік тақырыбындағы очерктер, сот тәуелсіздігін қамтамасыз ету, олардың мәртебесін нығайту мәселелері туралы басылымдар, сондай-ақ, қоғам игілігіне жұмыс істеп жатқан Фемида қызметкерлерінің ауыр, сонымен бірге мәртебелі еңбегін ашатын материалдар қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер конкурстық номинацияның атауын, материалдың атауын, жарияланған датасын, қысқаша аннотациясын, авторы туралы мәліметтерді (А.Т.Ә., жұмыс орны, кәсібі, тұрғылықты жері, телефон номері, электрондық адресі) өтініш (еркін, өз қолымен) жазады.
Өтінішке қосымша ретінде автор материалы жарияланған газет немесе журнал – түпнұсқада немесе редакциялық баспа куәландырған ксерокөшірме, сондай-ақ электрондық нұсқада (CD-дискіде) ұсынылады.
Жұмыстар екі тілде: қазақ және орыс тілінде жеке папкада қабылданады
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері конкурстың «Сот қызметін аймақтық баспа беттерінде үздік көрсету» номинациясы бойынша қатыса алады.
Журналистік жұмыстар 2014 жылдың 25-қарашасына дейін Бұқар Жырау, 37 мекен-жайы бойынша Қарағанды облыстық сотының ғимаратында қабылданады. 
Анықтама телефоны: 8(7212) 55-95-76.