Сот тұтынушының құқығын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотымен тауарды сатып алу-сату шартын бұзу туралы Қарағанды қаласы тұрғынының талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер жеке кәсіпкерден 500 мың теңгеге күзен тонын сатып алған, бірақ кейіннен тауардың ақаулары бар екені белгілі болып, ол сатушыдан ақшаны қайтаруды талап еткені, бірақ жауап алмағаны анықталды.

Талапкер облыстың тұтынушылар құқықтарын қорғау Департаментіне өтініш білдірген және жеке кәсіпкер "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот-тауар сараптамасының қорытындысынан тонның сапасының тиісті дәрежеде емес, өндірістік сипаттағы жасырын ақаулар, эстетикалық қасиеттерге және тозуға төзімділікке әсер ететін тауар түрінің жоғалуы бар екендігі анықталды.

Істі қарау кезінде сот Азаматтық кодекстің және осы даулы құқықтық қатынастарды реттейтін "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның ережелерін қолданды.

Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, күзен тонын сатып алу-сату шарты бұзылды, тауар сатушыға қайтарылып, талапкердің пайдасына ЖК-ден тауар үшін төленген 500 мың теңге ақшалай қаражат, 50 мың теңге мөлшерінде моральдық зиянның өтемақысы, сондай-ақ тұрақсыздық айыбы, сот сараптамасын жүргізу бойынша сот шығыстары, өкілдің қызметіне кеткен шығындар өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі

 

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз қызметі