Сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Саран қалалық соты Г.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

Қылмыстық іс Г. мен Қарағанды облысы прокурорының орынбасары арасында жасалған кінәсін мойындау туралы мәміле нысанында іс жүргізу келісімімен сотқа келіп түсті.

Іс жүргізу келісіміне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы Г. Қазақстан Республикасының тұтастығын, оның аумағының қол сұғылмауын және иеліктен шығарылмауын бұзуға үгіттеді, сондай-ақ телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, ұлттық араздықты тудырып, украиналықтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлады.

Сот отырысында сотталушы Г. жасалған іс жүргізу келісімін қолдады және іс бойынша жиналған дәлелдемелерді дауламады.

Г.-ның кінәсі оның айғақтарымен, «Telegram» мессенджерінің «KozAsu» арнасынан алынған бейнефайлмен, сот сараптамаларының қорытындыларымен расталады.

Сот үкімімен Г. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі, 180-бабының 2-бөлігі бойынша жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушыға жазаның мөлшері мен түрін тағайындау кезінде сот іс жүргізу келісімінің шарттарын негізге алды, оны жасау кезінде Г.өзінің кінәсін мойындады, прокурор ұсынған жазалау шарасымен келісті.

                                                                   

Үкім заңды күшіне енген.

Саран қалалық сотының баспасөз қызметі

Источник: 
Саран қалалық сотының баспасөз қызметі