Жоғарғы Сот Кеңесінің өкілі облыстық сотта кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласына Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің өкілі, Парламент мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформасы бойынша Комитет төрағасы Мұқашев Рахмет Желдібай ұлы ресми сапармен  келді.

Қарағанды облыстық сотындағы кездесуі  облыстық соттың төрағасы  М.Т. Әлімбековтың, алқа төрағаларының, облыстық соттың судьяларының, аудандық сот төрағаларымен судьяларының және судья лауазымына үміткерлердің қатысуымен өтті.

Өз сөзінде, Р.Мұқашев мырза, заңнамалық новеллалар туралы айтып,  тәжірибеде қабылданған заңдарды қолданатын соттық кадрларды іріктеудің маңыздылығын атап өтті.

Содан кейін, ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің өкілі судья лауазымына әрбір үміткермен жеке кездесіп, олардың дайындық деңгейін бағалады. Барлық үміткерлер алдын-ала біліктілік емтиханын тапсырып, сынақ мерзімін өткен, солардың ішінде кейбірі мамандандырылған магистратураны бітірген.

Тәжірибе көрсеткендей, осындай сұхбаттасулар үміткердің моральдық, адамгершілік қасиетін, кәсіби біліктілігінің дәрежесін және мемлекетке қызмет жасауға дайындығын толық көлемде бағалауға жағдай туғызып, сонымен қатар бұл болашақ судьяларға бағалы түсініктемелер алуға жақсы мүмкіндік болып табылады.