Ашық есік күні

Осакаров аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізеді

20/01/2017
2017 жылдың 25 қаңтарында Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты Осакаров ауданының тұрғындары үшін Ашық есік күнін өткізеді.
Соттың ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында, Осакаров аудандық соты азаматтар үшін  ай сайын Ашық есік күнін өткізеді.

 

Жаңаарқа аудандық соты «Ашық есік күніне» шақырады

20/01/2017
Жаңаарқа аудандық соты  2017 жылдың 26 қаңтарында сағат 16.00-де Ашық есік күнін өткізеді.
Ашық есік күні сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында өткізіледі. Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша азаматтармен заңды тұлғалардың өкілдерін сот төрағасы қабылдайтын болады.

 

Халыққа құқықтық көмек көрсету және азаматтардың сот жүйесіне сенімін нығайту

25/11/2016
Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету және азаматтардың сот жүйесіне сенімін нығайту үшін сот төрағасы К.Д.Искакбаевтың төрағалығымен «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

Ашық есік күні өтті

24/11/2016
Ұлытау аудандық сотының жұмыс жоспары бойынша сот төрағасы С.Сағатовпен «Ашық есік» күні іс шарасы өткізілді. «Ашық есік» күні аудандық сотқа Ұлытау ауданы Жезді кентінің тұрғыны К.Биримжанов келіп, тұрғын үй мәселесіне, яғни тұрғын үйге меншік құқығын тануға қатысты  сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.

 

Балқаш қалалық сотымен "Ашық есік күні" шарасы өткізілді

02/11/2016
Балқаш қалалық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Сот төрағасы Нұрлыбек Өмірбекұлы Сыздықов заң төңірегінде туындаған мәселелерінің шешімін іздеген қала тұрғынын қабылдап, сауалдарына жауап берді.
Аталған шара барысында көкейтесті мәселелерімен азамат қай судьяға бөлінетіні туралы барлығы бір адамға ғана жүгінді.

Сотта «Ашық есік күні» өткізді

02/11/2016
Шахтинск қалалық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету  және азаматтардың сот жүйесіне сенімін нығайту үшін Д.А.Дәуітов төрағалығымен "Ашық есік күні"  іс-шарасы өткізілді.

Беттер