Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрғындармен тұрақты кездесу шарасы аясында Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Азаматтарды сот төрағасы К.Д.Искакбаев қабылдады.
Аталмыш шара село тұрғындарына құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениетін және сотқа деген сенімін арттыру мақсатында өткізілді. Аталған шарада Шарықты ауылынынан келген А.Сарсекеева мұра қабылдау жөнінде сұрақтарымен жүгінді.
Ашық есік күніне келіп өз сауалдарын қойған азаматтарға сот төрағасы әр мәселенің заңды шешімін іздеу жолын айтты.

 

Источник: 
Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасө қызметі