Архив событий

19/01/2017

Сотпен медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітілді

19/01/2017
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен жауапкершілігі шектеулі серіктестігтердің арасында 5 125 000 теңге соманы өндіру бойынша медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітілді.
Сот барысында тараптар дауды бітімгершілік тәртібі арқылы реттеу туралы шешімге келді.

Еңбек өтілімін анықтау

19/01/2017
Ақтоғай аудандық сотында азамат Е.-нің еңбек өтілімін анықтау туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Көлік жүргізу құқығынан айырылды

19/01/2017
Сәтбаев қалалық сотымен ӘҚБтК 608 бабының 1-бөлімімен аз.Ч қатысты әкімшілік іс қаралды.
Аз. Ч автокөлік Mercedes-Benz ГРНЗ 418 LDA09, алкогольды мас күйінде жүргізді. Жол қозғалысының ережесінің  2.4.2. тармағын бұзған.

Жеткіліксіз сомманы өндіріп алу

19/01/2017
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер «Казақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің жауапкер аз. П жеткіліксіз сомманы өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Амнистия жайлы

19/01/2017
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланынысты, амнистия туралы» 2016 жылдың 13 желтоқсанында. Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануына байланысты, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарабас кентінің АК-159/18 Мекемесі Абай аудандық сотына Серик Ахметовтың өтелмеген жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынымхатпен жүгінді.

Жоба талқыланды

19/01/2017
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісінің м.а. Е.В.Матвеева сот мамандарының қатысуымен  «Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісі» РММ-нен келіп түскен «Соттарда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша электрондық құжаттарын қалыптастыру реттері туралы Ереже» жобасын талқылау бойынша жедел кеңесу өткізді.

БАҚ өкілдерінің назарына

19/01/2017
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты ағымдағы жылдың 23 қаңтарында сағат 12.00-де өткен 2016 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 13 желтоқсан 2016 жылғы №27-VІ ҚРЗ заңының қолданылуын түсіндіру мақсатында «БРИФИНГ» іс-шарасы өткізілетіндігі жайлы хабарлайды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттауы бойынша семинар

19/01/2017
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Е. Серікпаев әкімшілік сот мамандарымен, сонымен қоса Шахтинск қалалық сотының мамандарымен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің аттестаттауын өткізу туралы семинар-кеңес өткізді.

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

19/01/2017
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 611 бабының 2 бөлімі бойынша Шахтинск қаласының тұрғыны азамат В. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында баспасөз конференциясы өтті

19/01/2017
Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ғимаратында төрағаның м.а. Т. Экзековпен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді. Іс-шарада 2016 жылдың 12 айы аралығындағы соттың жұмыс қорытындысы туралы айтылды.

Сот ғимаратына рұқсатнамамен кіру тәртібі бойынша семинар-кеңес өткізілді

19/01/2017
Ақтоғай аудандық сотында «Жергілікті соттардың аумақтарына және ғимараттарына келушілерді өткізу режимінің ережесі» тақырыбында судьялардың қатысуымен, сот ғимаратын қорғауды жүзеге асыратын «Мамандандырылған күзет қызметінің басқармасы» ММ қызметкерімен, сот приставы мен аудандық сотының мамандарымен семинар-кеңес өткізілді.

Темекінің қалдығын жерге тастағаны үшін әкімшілік қамау

19/01/2017
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында А. азаматына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қаралды.
Азамат А. көшеде темекінің қалдығын жерге тастап, өзінің іс-әрекетімен ортақ пайдаланатын қоғамдық жерді ластаған.

Салық бойынша қарызы өндірілді

19/01/2017
Қарқаралы ауданлық соты өндіріп алушы «Қарқаралы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің борышкер  Ш.В-дан көлік салығы бойынша қарызын өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Бұқар-Жырау аудандық сотында 2016 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша пресс- конференция өтті

19/01/2017
Бұқар-Жырау аудандық сотында БАҚ – тың қатысуымен жылдық жұмыс қорытындысы бойынша 2016 жылдың 12 айға сот төрелігін жүзеге асыру үшін пресс-конференция өткізілді.
Сот төрағасы Р.И. Дурдыев өткен жылдың ұсақ мерзімімен салыстырғанда аталған кезеңге статистикалық деректерді келтірді.

Құқық қолдану практикасы бойынша семинар сабағы өткізілді

19/01/2017
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында алаяқтықпен байланысты қылмыстық істерді қарау тәжірибесін талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді.
Семинарға сот төрағасы А.Т. Марданова және судьялар қатысты.