Жоба талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісінің м.а. Е.В.Матвеева сот мамандарының қатысуымен  «Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісі» РММ-нен келіп түскен «Соттарда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша электрондық құжаттарын қалыптастыру реттері туралы Ереже» жобасын талқылау бойынша жедел кеңесу өткізді.
Ережені талқылау барысында жоғарыда айтылған жобаның кейбір тармақшаларын сот мамандары жұмыста қолданған кезде мәселелер туындаған. Кеңесуді қорытындылай келе туындаған барлық мәселелер бойынша ұсыныстарды «Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісі» РММ-не бұдан әрі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттар қызметін қамтамасыз ету Департаментіне ұсынуы үшін жолдау бойынша шешім қабылданды

 

Источник: 
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі