Архив событий

17/01/2017

Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

17/01/2017
Нұра аудандық сотымен аз. Л.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағы, яғни «ұрлықпен» сотқа түскен қылмыстық іс медиацияны қолданумен қаралды.

Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарыз ақшаны өндіріп алу

17/01/2017
Жезқазған қалалық сотында талап қоюшы «К-нің» жауапкер «Б-дан»  қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі  қаралды.
Сотта, жауапкер талап қоюшыдан 130 000 теңге қарыз ақшаны 2016 жылдың 23 қыркүйегіндегі алғаны туралы қол хат берген және ол ақшаны 2016 жылдың 25 қыркүйегінде қайтарып беруге міндеттеме алғаны анықталды.

Еңбек өтілін белгілеу

17/01/2017
Жезқазған қалалық сотында «У-ның» еңбек өтілімін анықтау туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Қарыз ақшаны өндіру

17/01/2017
Жезқазған қалалық сотында талап қоюшы «У» жауапкер «И-дан» қарыз ақша өндіру туралы талап арызы қаралды.  

Жұбайы өзін асырап бағуға алимент өндіріп алу

17/01/2017
Сотта талап қоюшы бұрынғы жұбайы «М-нан» ортақ 2015 жылы туған баласы «Р» үш жасқа толғанға дейін, қазіргі кезде жұмыссыз бала тәрбиесімен айналасып отырғанына байланысты өзін асырап бағуға 20 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.

Оқу кезеңінде алимент өндіріп алу

17/01/2017
Жезқазған қалалық сотында талап қоюшы «С» жауапкер «С» алимент өндіру туралы талап арызы қаралды.
Сотта талап қоюшы әкесі «С-тен» өзінің жоғарғы оқу орнында оқып жүргеніне байланысты және 21 жасқа толғанына дейін 50 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.

Өзгенің заңсыз иеленген жер учаскісін алдыру туралы

17/01/2017
Талап қоюшы «О» жауапкер «Т»  заңсыз басып алған жер учаскесін босату туралы талап арызымен сотқа жүгінді.
Сотта талап қоюшы 2015 жылдың 27 қазанында үй салу үшін жер учаскесін сатып алғанын айтты, ол жерде көршісі талап қоюшыға қарайтын жер учаскесін басып алып, оны өз еркімен босатудан бас тартып отырғанын айтты.

Қарызды өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды

17/01/2017
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында «ГорКомТранс» ЖШС-нің аз. У-ға тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметі бойынша қарыз сомманы өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

2016 жылдың 12 айлық жұмыс қорытындысы бойынша кеңесу өтті

17/01/2017
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотының төрағасы 2016 жылғы сот әділдігінің қорытындысы бойынша кеңесу өткізді.
Аталған шараға судьялар О.Ю.Цай, Г.В.Жилина, Ж.Х.Жапарова, кеңсе меңгерушісінің м.а. Е.В.Матвеева және Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотының мамандары қатысты