Архив событий

11/01/2017

Отбасын сақтап қалуды шешті

11/01/2017
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотының ұйғарымымен талапкер Б-ның жауапкер О-ға неке бұзу туралы талап арызымен азаматтық ісі бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді. Сот медиациясы барысында тараптар татуласты, даулары шешілді, некені бұзуды талап еткен жоқ, отбасын сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Азаматтық іс жүргізу қысқартылды. 

 

Мемлекетік мекемеден 13 627 800 теңге жергілікті бюджет пайдасына өндіріп алынды

11/01/2017
Қарағанды облысының  мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті" РММ-нің талабы бойынша мемелекеттік мекемеден 13 627 800 теңге мөлшерінде өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот иелену мерзімі бойынша саяжайды меншік құқығы деп таныды

11/01/2017
Балқаш қалалық сотымен талапкер А-ның Балқаш қаласы әкімінің аппараты мекемесіне иелену мерзімі бойынша саяжайды меншік құқығы деп тану туралы талап арызы қаралды.
Талапкер саяжай алқабынан саяжайды жер учаскелерімен бірге сатып алып, оның салығын уақытылы төлеп отырған.