Осакаров ауданының №2 аудандық соты

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін қамау

17/02/2017
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 461 бабы (Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша Молодежный кентінің тұрғынын кінәлі деп таныған.

Сот мұрағаттық анықтамасының тиістілігін анықтады

09/02/2017
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Молодежный кенті тұрғынының мұрағаттық анықтамасын өзіне тиістілігі заңды фактісін анықтау туралы арызы бойынша азаматтық ісін қарады.
Сонымен, арызданушы зейнеткерлік жасына келіп, ЗТМО аудандық бөлімшесіне құжаттарды тексеруге тапсырды.

Жол-көліктік оқиғасын жасау үшін айыппұл

20/01/2017
Осакаров ауданының № 2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша Молодежный кентінің тұрғыны кінәлі деп танылған.                            

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

18/01/2017
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Молодежный кенті тұрғынына қатысты ҚР ҚК – нің 188 бабы 1 бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру)  әмиянды ұрлағаны үшін қылмыстық істі қарады.
Сотталушы пәтерде болып, К., тиесілі әмиян ұрлаған. Қылмыс нәтижесінде жәбірленушіге 39 000 теңге көлеміндегі материалдық залал келтірген.

Сотта өткізу режимінің ережелері талқыланды

18/01/2017
Осакаров ауданының №2 аудандық сотында «Жергілікті соттардың аумақтарына және ғимараттарына келушілерді өткізу режимі ережесінің талаптарын қамтамасыз ету» тақырыбында кеңсе меңгеруші, аға сот жасауылының, сот ғимаратын қорғауды жүзеге асыратын «Мамандандырылған күзет қызметінің басқармасы» ММ-нің қызметкерлері қатысуымен дәріс-кеңес өткізілді.

Жол-көліктік оқиғасын жасау үшін айыппұл

15/12/2016

Беттер