Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін қамау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 461 бабы (Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша Молодежный кентінің тұрғынын кінәлі деп таныған.
Сот 2017 жылдың 06 қаңтарында құқық бұзушыға қатысты 30 күн мерзімге қорғау нұсқамасын шығарған. Бірақ, ол 2017 жылдың 08 ақпанында өз үйіне келіп, қорғау нұсқамасын бұзып, әйеліне жанжал шығарған.
Сот мәжілісінде құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, хаттамада көрсетілген фактін растады. Сот құқық бұзушы мен прокурордың пікірлерін тыңдап, іс материалдарын зерттеп, ерекше талаптарды орнатумен 3 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі жазаны тағайындау туралы қаулы шығарды.
Источник: 
Осакаров ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі