Архив событий

21/02/2017

Отбасылық жанжал үшін ескерту алды

21/02/2017
Бұқар-Жырау ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша Ш.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Нұра аудандық сотында семинарлық сабақ өткізілді

21/02/2017
Қысқартылған өндіріс бойынша қылмыстық істерді қарау кезінде жіберілген қателіктерді болашақта сот тәжірибесінде болдырмау мақсатымен сот төрағасының тапсырмасы бойынша Нұра аудандық сотының ұжымымен талқылау үшін судья Ш. Бимухановқа «Соттармен қысқартылған тәртіппен қылмыстық істерді қараудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында баяндама жасау тапсырылған.

Сотпен медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітілді

21/02/2017
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің арасында қарыз соманы өндіру бойынша медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім бекітілді.
Сот барысында тараптар дауды бітімгершілік тәртібі арқылы реттеу туралы шешімге келді.

Іс медиация тәртібімен қаралды

21/02/2017
Октябрь ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК-тің 188-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталушылар Р., О., Щ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен ата-аналық құқығынан айырылды

21/02/2017
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер ММ-нің жауапкер азаматша Л.-ға ата-аналық құқығынан айыру және алимент өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

«Спорт киімдерін ұнатушы»

21/02/2017
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен ҚР ҚК-тің 188-бабы 1-бөлімінің 1-тармағында (Ұрлық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қазыбек би аудандық сотының 2016 жылғы жұмыс қорытындылары

21/02/2017
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихаты өткізілді.
БАҚ жұмыстарын үйлестірушімен 2016 жылдың 12 айы бойынша соттың атқарылған жұмыстары бойынша статистикалық мәліметтер баяндалды.

Көшпелі үлгілік сот процессі өткізілген

21/02/2017
Халық арасында құқық бұзушылықтардың алдын-алу және тәрбиелік әсер етуді қамтамасыз ету мақсатында Нұра ауданы ішкі істер бөлімі ғимаратының залында көшпелі үлгілік сот процессі өткізілді. Сот отырысына ҚР ӘҚБтК-тің 669-бабы, яғни сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау бойынша жауапкершілікке тартылған үш құқық бұзушы қатысқан болатын.

Теміртау қалалық сотымен 2016 жыл бойынша қорытынды шығарылды

21/02/2017
Теміртау қалалық сотында 2016 жыл бойынша сот жұмысының қорытындысы жөнінде баспасөз мәслихаты өтті.
Баспасөз мәслихатында БАҚ-пен өзара әрекеттестік бойынша үйлестіруші судья Е. Дусалиев және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.