Қазыбек би аудандық сотының 2016 жылғы жұмыс қорытындылары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихаты өткізілді.
БАҚ жұмыстарын үйлестірушімен 2016 жылдың 12 айы бойынша соттың атқарылған жұмыстары бойынша статистикалық мәліметтер баяндалды.
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен қаралаған қылмыстық істер бойынша жасалған талдау қортындылары келесідей мәліметтерді көрсетті: 2016 жылдың 12 айында сотқа 743 тұлғаға қатысты 652 қылмыстық іс келіп түсті (2015 жылы - 539 тұлғаға қатысты 469 қылмыстық іс), есептік кезеңнің алдында қалдықта 65 тұлғаға қатысты 52 іс (2015 жылы - 49 тұлғаға қатысты 41 қылмыстық іс). Сот өндірісінде барлығы өткен жылдың қалдығымен бірге 808 тұлғаға қатысты 704 қылмыстық іс түсті (2015 жылы - 588 тұлғаға қатысты 510 қылмыстық іс).
Сонымен, 2015 жылмен салыстырғанда келіп түскен істердің саны 183 көбейді.
2016 жылдың 12 айында аудандық сотпен 750 тұлғаға қатысты 660 қылмыстық іс аяқталды (2015 жылы - 526 тұлғаға қатысты 445 іс). Осылай, аяқталған істердің саны 45%-ға немесе 215 қылмыстық іске өсті.
Баспасөз мәслихатын өткізу барысында бұқаралық ақпарат құралдарына сот өңдірісіндегі істер бойынша, оның ішінде қоғамдық пікір туғызатын қылмыстық істер бойынша ақпараттар ұсынылды.
Қайнар: 
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі