Архив событий

17/02/2017

Мас жүргізуші жолда қауіп туғызады

17/02/2017
Бұқар-Жырау ауданының №2 аудандық сотында азамат А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат А. Қазақстан Республикасының Жол жүру ережесінің 2.4.2-тармағын бұза, автокөлікті мас күйінде жүргізген.

Медиация бойынша пилоттық жобаны талқылау

17/02/2017
Қарағанды қаласының Октябрь ауданының №3 аудандық сотында сот судьялары мен мамандарының қатысуымен ҚР Жоғарғы Сотының төрағасымен 26.01.2017 жылы бекітілген даудың жеке санаттары бойынша дауды (жанжалды) сотқа дейін медиация тәртібімен реттеуді енгізу пилоттық жобасын өткізу туралы Ережесі талқыланды.

Сотпен бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды

17/02/2017
2016 жылдың қазан айында Д. өзінің ағасының үйіне келеді. Ол уйде Ф. болады. Кейін, үшеуі ішімдік ішеді.
Ішімдік ішу барысында Д. мен Ф. арасында жанжал туындайды. Содан кейін, Д. қолына балтаны алып, Ф.-қа бірнеше соққы жасайды. Ф. есінен айырылған кезде, Д. оны жуынатын бөлмеге апарып, тегенеге салып қансыратып қояды.

Дұрыс тәрбие бермегені үшін айыппұл салынды

17/02/2017
Бұқар-Жырау ауданының №2 аудандық сотында құқық бұзушы А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Кәмелет жасқа толмаған К. Центральное ауылының мәдениет үйінде мас күйінде балағат сөздер айтқан, осыған орай ұсақ бұзақылық жасаған.

Жұмысқа қайта орналастыру туралы дау медиацияның арқасында шешілді

17/02/2017
Қарқаралы аудандық соты талап қоюшы Ш.-тың жауапкер «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КМК-на бос жүрген уақыты үшін жалақысын өндіру және жұмысқа қайта орналастыру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

17/02/2017
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 596-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізуші Ф.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды. Құқық бұзушы Ф. Шахтинск қаласының Абай даңғылында «Kia Sportage» автокөлігімен жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып кеткен. Осы факт бойынша оған қатысты құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін қамау

17/02/2017
Осакаров ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 461 бабы (Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша Молодежный кентінің тұрғынын кінәлі деп таныған.

Қылмыстық істер бойынша сот актілерін орындау мәселелері

17/02/2017
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының мамандары «Сот үкiмiн, қаулысын орындау тәртiбi. Уақтылы орындау, сот үкімінің, қаулысының орындалуына жүгіну тәртібі. Үкімді орындау кезінде туындайтын сұрақтар» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Осакаров аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

17/02/2017
Қарағанды облысының Осакаров аудандық сотында судья Т. Құрмановтың төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасындағы әйелдер құқығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.