Осакаров аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысының Осакаров аудандық сотында судья Т. Құрмановтың төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасындағы әйелдер құқығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шараға Осакаров ауданы прокурорының көмекшісі А. Жарылғасынқызы, Осакаров ауданы ІІБ-нің өкілі А. Абдыкалыкова, Осакаров ауданының Кәсіпкерлер палатасының директоры Б. Сыздыкова, Осакаров ауданы қорғаншы және қамқоршылық бөлімінің өкілі А. Туртаева, аудандық орталық емханасының өкілі-психолог В. Балтина, «Осакаров ауданының әкім аппараты» ММ-нің өкілі А. Шалабаева, «Сельский труженик» газетінің өкілі П. Балакирев және «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ-нің өкілі С. Криворучко қатысты.
Судья Т. Құрманов өз сөзінде Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге, көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді кемсітуге болмайтынын» атап өтті.
Сонымен қатар, отбасында гендерлік теңдікке қол жеткізу, қоғамдағы жыныс белгісі бойынша зорлық-зомбылықты болдырмау, әйелдер мен еркектердің репродуктивті денсаулығы, құқықтық және гендерлік оқу-ағарту сұрақтары талқыланды.
«Дөңгелек үстел» соңыңда қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сол сұрақтар бойынша түсініктемелер алды. Өз ретінде қатысушылар аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін судьяға ризашылықтарын білдірді.
Источник: 
Осакаров аудандық сотының баспасөз қызметі