Архив событий

02/02/2017

Сот ашықтығы мен айқындығы

02/02/2017
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуларымен «Сот ашықтығы мен айқындығы» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Шет аудандық сотында терроризм қаупі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы іс әрекеттер туралы семинар өтті

02/02/2017
Қарағанды облысы Шет аудандық сотында терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы семинар өткізілді.
Іс-шараға төраға Д. Бурабаев, кеңсе меңгерушісі Л. Тойғанбекова және сот қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары

02/02/2017
Шет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілерге арналған ұсынымдары және жаднамасы жөнінде семинар өтті.

«Сот актілерінің күшін жою және өзгерту жөніндегі себептер» тақырыбына семинар

02/02/2017
Теміртау қалалық сотында азаматтық істер бойынша 2016 жылдағы күші жойылған немесе өзгертілген сот актілерінің себептерін талқылау бойынша семинар өткізілді.
Семинарды судья, оқу бағдарламаларын үйлестірушісі А.В. Романюк өткізді. Азаматтық істерді қарайтын судьялар шешімдердің күшін жою немесе өзгерту себептерін талқылады.

Сотпен неке бұзылды

02/02/2017
Талапкер Б. жауапкер М.-ға неке бұзу туралы талап арызымен Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотына жүгінді.

Қарағанды облыстық сотының төрағасы М. Әлімбеков Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында азаматтарды қабылдау күнін өткізеді

02/02/2017
2017 жылдың ақпан айының 07 күні сағат 16:00-де Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты ғимаратында Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Т. Әлімбеков «Азаматтарды көшпелі қабылдау күні» іс-шарасын өткізеді.

Татуласуға байланысты іс қысқартылды

02/02/2017
Ақтоғай аудандық соты ҚР ӘҚБтК 73 бабы 1 бөлігі бойынша (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік жауапкершілікке тартылған азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Алкольдік ішімдік ішіп, автокөлікті жүгізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке қамаққа алынды

02/02/2017
Шет аудандық сотымен құқық бұзушы азамат Ф.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 6 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.