Архив событий

20/02/2017

Гаражға меншік құқығын тану туралы

20/02/2017
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер азамат П.-ның «Сәтбаев қаласының әкімінің аппараты» ММ-не гаражға меншік құқығын тану туралы талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Алимент мөлшерін азайту туралы талап арызды қараусыз қалдыру

20/02/2017
Қарағанды облысы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талапкер азамат А.-ның жауапкерлер азаматша К. мен Д-ға қатысты алимент мөлшерін азайту туралы талап арыз қабылданған.

Моральдық залалды өндіру туралы

20/02/2017
Жезқазған қалалық сотында талапкер К. жауапкер А.-дан моральдық залалды өндіру туралы талап арызы қаралды.
Сот отырысында жауапкер бостандықтан айыру мекемесінде отырғанына байланысты келген жоқ. Сот тапсырмасымен жауапкердің жаза өтеп отырған мекемесіне талап арыз жолданған, жауапкерден талап арызды ішінара мойындайтыны туралы пікір түсті.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотымен 2016 жылға арналған қорытынды шығарылды

20/02/2017
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында 2016 жылға есеп беру бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.
Баспасөз мәслихатын төрағаның м.а. Т. Жабықпай және БАҚ-пен өзара жұмысты үйлестіруші судья Ж. Смағұлова өткізді. Сондай-ақ, іс-шараға «1 Қарағанды» телеарнасының, «Вестник Фемиды» газетаның тілшілері қатысты.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

20/02/2017
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша Өзбекістан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Мұрагерлік куәлігін заңсыз деп тану туралы

20/02/2017
Жезқазған қалалық сотында талапкер Л.-дың жауапкер К.-ға мұрагерлік куәлігін заңсыз деп тану туралы арыз бойынша азаматтық іс қаралды.
Сот отырысында талапкер өсиет бойынша қалдырылған мүлікті уақтылы рәсімдемегеніне байланысты сотқа жүгінуге мәжбүр болғанын айтты.

Материалдық залалды өндіру туралы

20/02/2017
Талапкер «АК – 159/25» ММ сотқа жауапкер А.-дан материалдық залалды өндіру туралы талап арызымен жүгінді. Өз талабында 2016 жылдың маусым айында жауапкер өз өзіне зақым келтіріп, жауапкердің емделуіне және дәрі-дәрмектерге 6 690 теңге шығын жасағанын көрсетті.

Шетелдік азамат әкімшілік қамауға алынды

20/02/2017
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада, не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтару) бойынша Әзірбайжан азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Оқу кезеңіне арналған алиментті өндіру

20/02/2017
Жезқазған қалалық сотында талап қоюшы С. жауапкер Т.-дан алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сотта талап қоюшы әкесінен өзінің жоғарғы оқу орнында оқып жүргеніне байланысты және 21 жасқа толғанын дейін 50 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.

Қоғамдық жерде темекі тарту қамауға дейін әкеледі

20/02/2017
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Б. азаматына қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат Б. қоғамдық орнында болып, темекінің қалдығын жерге тастап, қоғамдық жерді ластаған.

"Ашық есік күні" өткізіледі

20/02/2017
Темірау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ағымдағы жылдың 22 ақпанда 10:00 сағаттан бастап 18:00 сағатқа дейін «Ашық есік күнін» өткізу көзделген.
Шараны сот төрағасы Шортанбаев Жанболат Бектұрсынұлы өткізеді.

200 теңге үшін сотталды

20/02/2017
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК 367-бабының 1-бөлігінде (Пара беру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталған С.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.