Гаражға меншік құқығын тану туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер азамат П.-ның «Сәтбаев қаласының әкімінің аппараты» ММ-не гаражға меншік құқығын тану туралы талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.
2016 жылдың қараша айында талапкер жауапкерден 100 000 теңгеге гараж сатып алған. Талапкер сот отырысында талапты қолдап түсіндірді: мүлікті өз мүлкіндей қолданатынын, бірақ құжатының жоқ екенін айтты.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 244-бабы 1-бөлігіне сәйкес мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс болып табылады.
Сот шешімімен П.-ның гаражға иелену мерзімі бойынша меншік құқығын тану туралы талап арызы қанағаттандырылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз қызметі