Архив событий

01/02/2017

Нұра аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

01/02/2017
Нұра аудандық сотында іс-шараларын өткізу туралы жоспар-кестесін орындау мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылып, осы іс-шараға сот төрағасы Жұмабеков Серік және судья Бимуханов Шыңғыс қатысқан.

Арнайы құқықты уақытша тоқтата тұру туралы ұсыныс

01/02/2017
Балқаш қалалық сотында «Арнайы құқықты уақытша тоқтата тұру туралы ұсыныс» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.
Бұл шараға Балқаш аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы М. Жакупова, Балқаш қаласының жеке сот орындаушылары Ж. Келдібеков пен А. Жауынбаев қатысты.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптары бұзылды

01/02/2017
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ-нің жауапкер жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әрекетіне тыйым салу туралы азаматтық ісі қаралды.

Төлемді бөліп алу шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы

01/02/2017
Балқаш қалалық соты бөліп төлеу шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы азаматтық ісін қарады.
2012 жылдың желтоқсан айында тараптардың арасында жасалған шартқа сәйкес, жауапкер талапкерден құны 174 000 теңге тұратын тонды сатып алып, көрсетілген соманы 2013 жылдың қазан айына дейін қайтаруды міндетіне алған.

Сот 4 сотталушыға қатысты рақымшылық қолданды

01/02/2017
Ақтоғай аудандық сотымен аудандық пробация қызмет бөлімшісінен келіп түскен бірнеше сотталушыларға қатысты ұсыныстар қаралды. Аталған тұлғалардың жасалған қылмыстары кішігірім және ауырлығы орташа қылмыстар қатарына жатады.

Осакаров аудандық сотында «Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында семинар өткізілді

01/02/2017
Қарағанды облысы Осакаров аудандық сотында судья Т. Құрмановтың төрағалық етуімен «Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Қазыбек би аудандық соттың БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші судьясы журналистерге қылмыстық іс бойынша түсіндірме берді

01/02/2017
БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші судьясы Жошева А. ҚР ҚК 188 бабы 4 бөлімі 3 тармағы (Ұрлық), 291 бабы 3 бөлімі 4 тармағы (Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу) бойынша айыпталған сотталушыларға қатысты сот үкіміне түсіндірме берді.