Архив событий

08/02/2017

Көлік жүргізу құқығынан айырылды

08/02/2017
Сәтбаев қалалық сотымен ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлімі бойынша аз. Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат Ж. Audi80 автокөлікті мас күйінде жүргізді. Сонымен, жол қозғалысының ережесінің 2.4.2. тармағын бұзған.

Сотпен бітімгершілік келісім бекітілді

08/02/2017
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арасында дау бойынша бітімгершілік келісімі бекітілді.

Сотпен мүлік тыйым салудан босатылды

08/02/2017
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер «Kaspibank» АҚ-ның жауапкер П. және «Казкоммерцбанк» АҚ Жезқазған филиалына мүлікті тыйым салудан босату туралы азаматтық ісі қаралды.

Қарыз сома ортақ тәртібімен өндірілді

08/02/2017
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер «Банк Центр Кредит» АҚ-ның жауапкерлер С., Т. және Б.-дан қарыз соманы ортақ тәртібімен өндіріп алу туралы талап арызы және жауапкер С.-тың талапкер «Банк Центр Кредит» АҚ-на және «Банк Центр Кредит» АҚ Жезқазған филиалына банктің әрекетін заңсыз деп тану, мәмілені жарамсыз және міндеттемені қысқарту туралы қарсы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Меншік құқығын тану туралы іс қаралды

08/02/2017
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер К. жауапкерлер М., Ж., Н., Т., «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ-не пәтерді иелену мерзімі бойынша меншік құқығын тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Туберкулезден еріксіз емделуге жіберілді

08/02/2017
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер «Жезқазған қаласының туберкулезге қарсы емдеу бөлімшесі» ҚММ-нің азамат Т.-ны мәжбүрлі түрде туберкулезден емдеу жөнінде азаматтық ісі қаралды.

Қайталанған әкімшілік құқық бұзушылық үшін жазаланды

08/02/2017
Жезқазған қалалық сотында қоғамдық орында темекі тұқылын лақтырып, ұсақ бұзақылық жасаған азамат К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Бұзушылық К.-мен 1 жыл ішінде қайта жасалған.
К. есімді азаматқа 2 тәулік бойынша қамауға алу жазаға тағайындалды.

Мас күйінде автокөлікті жүргізгені және мерзімі өткен көлік жүргізуші куәлігі үшін қамауға алынды

08/02/2017
Жезқазаған қалалық сотымен ҚР ӘҚбК-тің 608-бабының 6 бөлімі бойынша  азамат  Қ.-ға  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.
Жүргізуші Қ. мерзімі өткен жүргізушісі куәлігімен мас күйінде автокөлікті жүргізген. Айыпкер 20 тәулікке қамауға алу жазасына тартылды.

Президенттің Қазақстан халқына жолдауын орындау

08/02/2017
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек делінген.