Архив событий

16/02/2017

Әкімшілік жазаға тартылды

16/02/2017
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат М.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 4-бөлігі (Қоғамдық жерде алкогольдік ішімдікті ішу) және 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

Судьялар жекелеген санаттары бойынша дауларды міндетті түрде медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылады

16/02/2017
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотында азаматтық істерінің жекелеген санаттары бойынша дауларды міндетті түрде медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау мақсатында семинар сабағы өткізілді.
Шараға Октябрь аудандық сотының төрайымы және судьялары қатысты.

Сотта туысқандар татуласты

16/02/2017
Бұқар-Жырау ауданның №2 аудандық сотында К.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат К. өз үйінде қызына балағат сөздер айтты, осыған орай туысқандық қарым–қатынастағы тұлғаларды сыйламады.

Ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік қамаққа алынды

16/02/2017
Азамат С. Атасу кентінде ортақ пайдалану орнында темекі шегіп, темекіден қалған қалдықты жерге лақтырып жіберген. Ол қоғамдық орынды ластап, осылайша ұсақ бұзақылық жасап қоғамдық тәртіппен белгіленген заңын бұзған.

Сотпен білім беру мекемесінде дәріс сабақтары өткізілді

16/02/2017
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М. Кушаковамен «Бала құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасымен ратификацияланған «Бала құқықтары туралы Конвенцияны» ұстану» атты тақырыпта Қарағанды қаласының политехникалық колледжінің 1 курс студенттеріне дәріс сабақтары өткізілді.

Ювеналдық сотының психологы Ю. Верхуша Қарағанды қаласының тұрғындарымен кездесті

16/02/2017
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының психологы әр түрлі ұйымдарда жұмыс істейтін Қарағанды қаласының тұрғындарымен кездесті.

Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

16/02/2017
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үш жақты меморандумға қол қойылды. Меморандумның тараптары ювеналдық сот, ювеналдық адвокатура және ЖМ «Диалог» болып табылды.

Қарағанды облысытық сотының төрағасы М. Әлімбеков Саран қалалық сотында азаматтарды қабылдады

16/02/2017
Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков Қарағанды облысының Саран қалалық сотында азаматарды қабылдауды жүргізді.
Қабылдауда 6 Саран қаласының тұрғындары болды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар сабақ өтті

16/02/2017
Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында «Жемқорлыққа қарсы әрекет» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға сот мамандары, Егіндібұлақ селосына қарасты ЖПҚ-нің учаскелік инспекторы, капитан Е. Абдиков және Қарағанды облысы бойынша МКҚБ ММ полиция қызметкерлері қатысты.

Жаңаарқа аудандық сотында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу Қағидаларын талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді

16/02/2017
Жаңаарқа аудандық сотында кеңсе менгерушісі Г. Касенова мемлекеттік қызметшілерін аттестаттау өткізу бойынша сот қызметкерлерінің қатысуымен дәріс сабағын өткізді.
Аттестаттаудың мақсаты «Б» корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейін және атқаратын лауызымдарына сәйкестігін айқындау болып табылады.

Қазақстан аумағы шегінен шығарылды

16/02/2017
Сәтбаев қалалық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 517-бабының 2-бөлімі бойынша азамат С.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
2017 жылдың 03 ақпанында Сәтбаев қалалық ішкі істер қызметкерлері С.-ты ұстаған.

Сотпен бітімгершілік келісім бекітілді

16/02/2017
Қарағанды облысының Ұлытау аудандық сотымен «Арнайы қаржы компаниясы «Finance» ЖШС-нің жауапкер А.-ға қойған банк шарты бойынша несиені өндіру туралы азаматтық ісі бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.
Дайындық барысында, тараптар дауды реттеу туралы бітімгершілік келісімге келіп, оны бекітуді соттан сұрады.

«Қазақстан Қарағанды» телеарнасының тілшісіне сұхбат берілді

16/02/2017
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының баспасөз хатшысы Г. Жукина «Қазақстан Қарағанды» телеарнасының тілшісіне сұхбат берді.
Баспасөз хатшы тергеуші судьяның азамат К.-ға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту туралы қараған өтініші туралы туындаған сұрақтарға жауап берді.

 

Жаңаарқа аудандық соты 2016 жылдың 12 айдағы жұмысын қорытындылады

16/02/2017
Жаңаарқа аудандық сотында аудандық «Жаңаарқа» газетінің журанлистерімен баспасөз мәжілісі өткізілді.
Баспасөз мәжілісінде сот төрағасы Б. Серғалиев 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар мен азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау сапасын баяндады.