Архив событий

07/02/2017

Рақымшылық жасау актісін қолданумен жазадан босатылды

07/02/2017
2016 жылдың 27 қыркүйектегі Осакаров аудандық сотының үкімімен аз.Д. ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағы бойынша пробациалық бақылау орнатумен және мүлкін тәркілеумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Рақымшылыққа байланысты іс қысқартылды

07/02/2017
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 378 бабы 1 бөлігі, 380 бабы 1 бөлігі (қорлау және билік өкіліне зорлық-зомбылық көрсету) бойынша айыпталған аз.З.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қойылған қадағалауды бұзғаны үшін қамаққа алынды

07/02/2017
Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотымен құқық бұзушы Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 461 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат Т. өзінің үйінде алкогольді мас күйінде отбасылық жанжал шығарған, осыған орай қойылған қадағалауды бұзған.

Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тіл

07/02/2017
Қарқаралы аудандық сотында «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді, іс-шараға сот төрағасы Қасымбеков М., судья Боранбаев Е., кеңсе меңгеруші Камерленова А. және кеңсе мамандары қатысты.