Қазақстан аумағы шегінен шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сәтбаев қалалық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 517-бабының 2-бөлімі бойынша азамат С.-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
2017 жылдың 03 ақпанында Сәтбаев қалалық ішкі істер қызметкерлері С.-ты ұстаған.
Құжат тексеру барысында, оның Әзірбайжан азаматы екені анықталды. Ол Қазақстан Республикасы аумағына, 23.07.2015 жылы «Шарбақты» Б.Ө.П. арқылы өткен. Шекараны кесіп өткеннен кейін 35 күн ішінде орналасқан жеріне тіркелу керек болатын. Нәтижесінде, көрсетілген мерзім бойынша құқық бұзушы ешқайда тіркелмеген, сонымен Қазақстан Республикасы заңын бұзған.
Сот қаулысымен С. кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасы аумағы шегінен әкімшілік жолмен шығарылып жіберілді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз қызметі