Нұра аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Нұра аудандық сотында іс-шараларын өткізу туралы жоспар-кестесін орындау мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылып, осы іс-шараға сот төрағасы Жұмабеков Серік және судья Бимуханов Шыңғыс қатысқан.
Осы аталаған іс-шара сот ғимаратының мәжіліс залында сағат 10:00-де басталып, іс-шараға ауданымызыдың үш азаматы қатысты. Бірінші болып Киевка кентінің азаматшасы Орынтай Марта келіп, өз мәселесін баяндап берді. Оның сотқа жүгіну себебі – ол жұбайымен ажырасқалы жатыр, қазіргі таңда неке бұзылғаннан кейін бірге жиып-терген мүліктерін бөлуге байланысты дау туындап отыр. Ал, келесі келген азамат Орынтай Қайратбек жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеп жатыр. Оның жер мәселесіне байланысты сұрақтары туындап, осы іс-шара өткізіліп жатқаны туралы газет бетінен көріп, қатысқалы келді. Үшінші болып келген азамат Е. Кравчуктың мәселесі – «оның иелігінде бір үйі бар, ол үйінде көптен бері бір туысы тұрып жатыр, қазіргі таңда отбасылық жағдайына байланысты, ол туысына басқа тұратын жер іздеуін ұсынды, бірақ, туысы үйді ерікті түрде босатудан бас тартады. Ол туысын үйден заңды түрде қалай шығаруға болатыны туралы кеңес алуға келген».
Осы қойылған сұрақтарға сот төрағасы Серік Жұмабеков пен іс-шараға қатысып отырған судья Шыңғыс Бимуханов заң жүзінде, құқықтық нормаларына сүйене отырып, жауап берген.
Аталған іс-шара кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасып, «Ашық есік күні» іс-шарасы жабық деп жарияланды. 

 

Қайнар: 
Нұра аудандық сотының баспасөз қызметі