Заңсыз иеленіп отырған мүлікті бөтеннен талап ету туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сәтбаев қалалық сотымен талапкер И. жауапкер З.-ға заңсыз иеленіп отырған мүлікті бөтеннен талап ету туралы талапбы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Талапкер жауапкерден даулы үйді талап етуді соттан сұрайды, өз дәлелін үй әкесіне тиесілі және әкесі үйді оған қалдыруды ниет еткенімен негіздеді. Сондай-ақ, 1990 жылы әкесі пәтерді алғанын және пәтерді жауапкер З.-ға бергенін, жауапкер пәтерді сатып, әкесінің үйіне көшіп келгенін түсіндірді.
Жауапкер және жауапкердің өкілі талаппен келіспеді және даулы үйге меншік құқығы өсиет және сот шешімі негізінде туындағанын айтты. Мұра қалдырушы талап қоюшыны жақсы көрмейтінін, сондықтан да бар мүлкін қайтыс болғанша қағып-баққан немересі З.-ға қалдырғанын мәлімдеді. Талапкер жерлеу рәсіміне келген жоқ және де әкесінің зиратына бармайды. Сонымен қатар, талапкер сот актісіне шағым келтірмеді және де өсиетті жоққа шығармады.
Сот шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Сәтпаев қалалық сотының баспасөз қызметі