«дөңгелек үстел»

«Мемлекеттік және жеке сот орындаушыларға электронды түрде жіберілетін атқару құжаттарының қалыптасуы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

13/12/2017

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Мемлекеттік сот орындаушылар мен жеке сот орындаушыларға электронды түрде жіберілетін атқару құжаттарында жіберілетін кемшіліктер және сот орындаушылардың атқару қағазын қайтаруға туындаған себептері, әсіресе мүлікті тәркілеу, лицензияның әрекетін тоқтату, салынған әкімшілік айыппұлдар, одан басқа техникалық тұрғыдан туындайтын қателіктер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Кезекті «дөңгелек үстел» өткізілді

25/04/2017

Балқаш қалалық сотымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот интернет-ресурсының «Сот кабинеті» сервисін жетілдіруге қатысты мәселелерді талқылау бойынша «дөнгелек үстел» өткізілді.

Шараға Балқаш қаласының жеке сот орындаушылары, «Балхаш Су», «Су Жылу Транс» коммуналдық мекемелерінің, «Балхаш Универсал» ЖШС-нің өкілдері қатысты.

Пробация қызметімен бірге «дөңгелек үстел» өткізілді

13/04/2017
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында пробация қызметінен келіп түсетін материалдардың сотқа жолдануы және сотта қаралу барысында туындайтын мәселелер бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.
Іс-шараға Октябрь аудандық прокуратурасының, пробация қызметінің өкілдері, Қарағанды облысының адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты.

Шет аудандық сотында мемлекеттік тілді көтеру мақсатында «дөңгелек үстел» өткізілді

24/02/2017
Шет аудандық сотында мемлекеттік тілді көтеру мақсатында судья Е. Ушбаевтың, кеңсе меңгерушісі Л. Тойғанбекованың, сот мамандарының, Шет ауданы прокуратурасының және Ішкі істер бөлімі өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Осакаров аудандық сотында «Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

17/02/2017
Қарағанды облысының Осакаров аудандық сотында судья Т. Құрмановтың төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасындағы әйелдер құқығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Жер құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша "дөңгелек үстел" өткізілді

10/02/2017
Бүгін Қарағанды облыстық сотында «Жер учаскесі мен жерді пайдалануға меншік құқығын даулау туралы жер құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді қарау тәжірибесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Арнайы құқықты уақытша тоқтата тұру туралы ұсыныс

01/02/2017
Балқаш қалалық сотында «Арнайы құқықты уақытша тоқтата тұру туралы ұсыныс» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.
Бұл шараға Балқаш аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы М. Жакупова, Балқаш қаласының жеке сот орындаушылары Ж. Келдібеков пен А. Жауынбаев қатысты.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі бойынша "дөңгелек үстел" өтті

30/01/2017
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2017 жылы I-ші жартыжылдық оқу жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық–адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға сот мамандары қатысты. Модератор болып кеңсе меңгерушісі Г. Каснай сөз сөйледі.

Беттер