Кезекті «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық сотымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот интернет-ресурсының «Сот кабинеті» сервисін жетілдіруге қатысты мәселелерді талқылау бойынша «дөнгелек үстел» өткізілді.

Шараға Балқаш қаласының жеке сот орындаушылары, «Балхаш Су», «Су Жылу Транс» коммуналдық мекемелерінің, «Балхаш Универсал» ЖШС-нің өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» шара барысында кеңсе меңгерушісі Г. Жукина Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот интернет-ресурсының«Сот Кабинеті» сервисінің жаңғыртылуы өткізіліп жатқанын мәлімдеді.

Сонымен бірге, қатысушылар аталған сервиспен жұмыс істеу барысында кездескен мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

Источник: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі