Архив событий

24/04/2017

Қарағанды облысының соттары сенбілікке шықты

24/04/2017

Аумақты абаттандыру және тазалау айлығы шеңберінде, Қарағанды облысының соттары сот ғимаратының маңын ретке келтіріп, сенбілік өткізді.

Қалада экологиялық тазалықты сақтау мақсатында судьялар мен сот мамандары сот ауласында, ішкі алаңда және тротуарларға санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, кабинеттерді да тазалады.

Әкімшілік қадағалау орнатылды

24/04/2017

Қарқаралы аудандық сотында Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 сотымен ҚР ҚК-тің 178-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған азамат А.-ға қатысты әкімшілік қадағалау орнату туралы ұсыныс қаралды.

Алкольдік ішімдік ішіп, автокөлікті басқарғаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

24/04/2017

Сәтбаев қалалық сотымен азамат Ф.-қа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Ф.. 2017 жылдың наурыз айында автокөлікті көлік құралын басқару куәлігінсіз, мас күйінде басқарған.

Әкімшілік қамауға алынды

24/04/2017

Сәтбаев қалалық сотымен ҚР ӘКБтК-тің 73-бабының 2-бөлігі бойынша (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қасақана денсаулыққа зиян келтірді

24/04/2017

Сәтбаев қалалық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 108 бабы бойынша Т.-ға қатысты жеке айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың ақпан айында ұрыс-керіс кезінде Т. азаматша А.-ға қасақана дене жарақатын келтірген.